профессор Мәмбет Қойгелді мен «Зерде» қорының президенті Әлихан Байменовтің қатысуымен «Сталинизм және Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы репрессия» атты жаңа кітаптың таныстырылымы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кеңестер Одағының құрамындағы қазақ қоғамы өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары адамзат бұрынғы өз тарихында кездестірмеген, зұламатты басынан кешіргені белгілі.
Осы уақытқа шейін жабық мұрағат қорларында сақтаулы келген тергеу материалдарын негізге ала отырып қазақ байларын, ишан, имам, молдаларды, сондай-ақ ұлттық саяси басқарушы топты жою үдерісін жеке адамдардың қайғылы тағдыры арқылы көрсетуді көздедім», дейді кітаптың авторы Мәмбет Қойгелді.
«Басым түрде түп нұсқаға, яғни тергеу ісі материалдарына негізделген зерттеу әдісі 20-40-ы жылдары саяси қуғын-сүргін құрбаны болған сан мыңдаған отандастарымыздың азапты тағдырын неғұрлым терең түсінуге мүмкіндік береді», деді ол.
Кітап «Зерде» мен Фридрих Эберт (Германия) қорларының бірлескен жобасы аясында жарық көрген.