деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, 23-ші қаңтарда Алматыда орналасқан «Дент орталығы» ЖШС-да 3 қабатты стоматологиялық емханада өрт болды. Жалын шарпыған аумақ 50 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 10 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД 26 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 8 техника бірлігі жұмылдырылды.