деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, «Ресей қоғамдық-саяси орталығы» қоры және Германияның Роза Люксембург атындағы қоры бірігіп ұйымдастырған. Екі күндік шараға Қазақстан, Ресей Еуропалық Одақтың мемлекеттік және тәуелсіз талдау құрылымдарының жетекші сарапшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Конференция жұмысы - «Саясат пен халықаралық қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық», «Сауда-экономикалық ынтымақтастық», «Энергетика саласындағы ынтымақтастық сауалдары» деген секциялар бойынша өтуде.
«Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы бойынша Еуроодақтың біздің елімізге стратегиялық қызығушылығы бар. Біз алдағы уақытта еуропалық мемлекеттермен мына бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді жоспарлап отырмыз. Олар -технологиялық, энергетикалық, көлік, техникалық реттеу, сауда-экономикалық, шағын және орта бизнесті дамыту, өмір сапасы мен гуманитарлық өлшемдер. Бұл туралы ҚР Президенті 2008 жылы тамыздың 29-да бекіткен 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында нақты айтылған. Қазақстан мен Еуропаның арасындағы қатынас өзара қызығушылыққа негізделген», дейді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов. Оның пайымдауынша, Еуропа бұл тек біржақты қозғалыстағы емес, екіжақты жол екенін жақсы ұғынады. Еуроодақтың 2007 жылы қабылданған Орталық Азия бойынша стратегиясында Қазақстан Еуроодақ үшін стратегиялық серіктес екені ерекше атап көрсетілген. Оны қазан айында Қазақстанға жасаған сапары кезінде Еуроодақтың локомотивтерінің бірі саналатын Франция Президенті Николя Саркози де айтты. Сондай-ақ Еуропалық комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларындағы өкілдігінің басшысы Норбер Жюстен де Еуроодақ Қазақстанмен саяси, экономикалық саладағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді.