«Іс жүзінде бұл шатыр «Бителеком» компаниясына тиесілі. Компания қызметкерлері оны қолданыстағы телефон канализациясында кабель тарту жұмыстарын жүргізу ыңғайлы болуы үшін орнатқан.
Полиция қызметкерлері түсірген видеода палатка ішінде компания қызметкерлерінің отырғаны, олардың жұмыс жүргізуге рұқсаты және жеке құжаттарының бар екені көрсетілген.
Демек, Алматыда көшеде шатыр тігіп, тұрып жатқан студент туралы ақпарат – фейк. Роликте көрсетілген шатыр кабель төсеу жұмыстарымен айналысатын компанияға тиесілі», - делінген Stopfake.kz мәліметінде.