деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазанның 1-і күнгі халықаралық қарттар күні қарсаңында жүзеге асып жатқан сенбілік олардың дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастыратын қайырымдылық шараларының бірі. Бұл жолы қарттар үйінің асханасы, ауласы тазартылды, ағаш көшеттері отырғызылды.
"Аталмыш бастама студенттер тарапынан көтерілді. Оған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімі қолдау білдірдік. Жалпы, біз студенттермен бірігіп "Сұңқар" әлеуметтік кәсіподағы тарапынан бөлінген қаражатқа жылына 2-3 рет жетім балалар үйіне де барамыз. Балаларға ойыншықтар, киім-кешектер апарып, олармен әңгімелесіп, көңілдерін аулап тұрамыз", дейді жоғары оқу орнының Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Әліби Сағындықұлы.