Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Бейнежазбада бұл жағдайдың университет жатақханасының бірінде болғаны жазылған.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жастар арасындағы жаппай төбелес 23 ақпан күні 23:00 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.
«Патрульдік полицияның бірнеше экипажы төбелес орнына барды. Нәтижесінде 11 қатысушы ұсталды. Бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен соталды тергеу басталды. Жанжалдың басқа мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.