17:54, 13 Мамыр 2009
Алматыда студенттердің зияткерлік-элиталық «Абай мектебі» ашылады
АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мамырдың 19-ы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттердің зияткерлік-элиталық «Абай мектебі» ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Абай мектебінде» еліміздегі танымал саясаттанушылар, депутаттар, дипломаттар, тарихшылар, психологтар, педагогтар, іскерлер, ісмерлер, өнер мен мәдениет қайраткерлері және тағы басқа да өз ісінің шеберлері дәріс оқып, семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптарын жүргізеді. Оған Абай шығармаларымен жете таныс, ғылыми әлеуеті жоғары, бірнеше тілді меңгерген, ұлтжанды, жаңа технология тілін жетік білетін дарынды жастар жиналады. Олар арнайы комиссияның емтихандары арқылы іріктелінеді. Абай мектебінің алдында тұрған басты мақсат - әртүрлі тақырыптардағы кездесулер, дөңгелек үстел жиындары мен әдеби-ғылыми шаралардың ордасы болу.