Бұл шараны Жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен Сорос-Қазақстан қорының "Жастар бастамасын қолдау" жобасы аясында "Алматы пікірсайыс орталығы" ұйымдастырып отыр.
"Студенттік парламенттік тыңдау" жобасының жетекшісі Арман Асақаевтың айтуынша, басқосу Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында екі аптада бір өтетін дәстүрлі жиын. Бұл жолы "Жастар саясаты" туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатыр. "Студенттік парламенттік тыңдаудың" алғашқы отырысы осы айдың бас кезінде Қазақтың Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінде өткен болатын. Биылғы жылғы соңғы тыңдауды енді желтоқсанның 11-ы күні ұйымдастыру жоспарланып отыр.