Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті су басып қалатын 17 учаскені есепке алды. Бүгінгі күні азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары (арнайы техника) жауын-шашын басталғанға дейін инертті материалдар әзірледі.
Бүгін 29 наурыз күні су басып қалған 6 оқиға тіркелді, оның 5-і қалпына келтірілді.
Жалпы, соңғы бес жыл ішінде қалада 497 шақырым арық желілері салынды, 40 шақырымнан астам өзен арналары қайта жасалды және нығайтылды. Жүргізілген іс- шаралар су басып қалуы учаскелер санын 3,5 есеге азайтты. Алматы қаласы бойынша 376 шақырым арық желілерін салу және реконструкциялаудың ЖСҚ әзірленуде. Аталған жобаны іске асыру 2021-2023 жылдарға жоспарланған.
Айта кетейік, су астында қалған көшелердегі көріністі тұрғындар суретке, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр.