Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, бүгін су басудың алдын алу және жою мақсатында 52 патрульдік бригада, 24 мотопомпа және 260 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 2450 қап құм жиналды. Барлық су тасқыны жойылды.
«Түнгі кезекшілікке 34 патрульдік бригада, 26 мотопомпа және 102 жол жұмысшысы жұмылдырылады деп жоспарланып отыр. Жедел кезекшінің деректері бойынша су басу бойынша азаматтардан өтініштер түскен жоқ. Сағат 19:00-ден кейін негізгі су ағыны арық желілері арқылы қаланың төменгі бөлігіне кетті және 20:00-дегі жағдай бойынша қала аумағында су жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске салсақ, бүгінгі жауын-шашын салдарынан Алматыда қала тұрғындары жиналған суға малтып жүрген видеолары желіге шыққан болатын. Сондай-ақ Алматыда жауын-шашын салдарынан Алмалы және Наурызбай аудандарының аумағын су басқанын хабарлағанбыз.