Алматыда Субару 16 жастағы қызды қағып кетті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Субару 16 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.


Субару көлігі Береговой көшесімен солтүстікке бағыт алып келе жатқан.
 

Жандосов көшесінен өте бергенде машинаның алдынан оқыстан бір қыз жүгіріп шыққан. Субару жүргізушісі тежегішті басып үлгермей қызды қағады.
 

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем 16 жастағы қызды ауруханаға алып кетті. Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр.
 

Соңғы жаңалықтар