Алмалы аудандықсотында пара алды және алаяқтық жасады деген айыппен сотқа келген АндрейШтейнкке қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.
Прокуратураныңмәліметі бойынша, 2018 жылдың желтоқсанында жәбірленуші А.Б-ның, Алматыдағыпәтері Медеу мен Бостандық аудандық сотының шешімімен кепілдікке қойылған. ЖәбірленушіӘуезов ауданының №2 аудандық сотының судьясы танысы болғандықтан, осы ақпараттыбазадан алып тастауға көмек сұраған.
Сотқа дейінгітергеу органының айыптауына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданы №2 аудандықсотының судьясы Штейнкке танысы АБ-ға, пәтерін кепілдіктен шығару үшінмемлекеттік қызметтегі мамандарға 10 000 АҚШ доллары көлемінде пара берудіұсынған. Кейін судьяға аталған қомақты соманы алаяқтық жолмен өз қалтасынабасты деген айып тағылды.
Сот ҚРҚК125-бабына сәйкес айыпталушыға қатысты нақты дәлелдердің жоқтығын жәнежеткіліксіз екенін ескерді.
Сотта жауапберген А.Штейнк өзіне тағылған қылмыстарды мойындаған жоқ.
Сот процесіндеайыпталушының, жәбірленушіден ақша алу фактісі көрсетілген жоқ.
Прокуратураұсынған бейнежазбада жәбірленуші ақшаны судьяға тапсырғаны немесе олардыкөлікке қалдырғаны көрінбейді.
ЖәбірленушініңШтейнкке 10 мың АҚШ долларын бергені туралы куәлігі қылмыстық ісматериалдарымен теріске шығарылды.
Оқиға орнынтексерген кезде ақшада да, көліктің ішінде де, Штейнктің қолында да, киіміндеде саусақ іздері анықталған жоқ.
Сот үкіміменА.Штейнкке ҚРҚК 28 бабы 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігінің (пара беруге итермелеу),190-бабы 3тармағы 1,2-бөлігі бойынша (Алаяқтық) жасаған жоқ деп танылып, осыбаптар бойынша актіде қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақталды.
Үкім заңды күшінеенген жоқ.Ол жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде шағым қайта қаралуымүмкін.