«4 маусым сағат 22:00 -ден 5 маусым таңғы сағат 9:00 -ге дейін Әуезов ауданындағы Сүлейменов көшесі бойымен оңтүстік бағытта Талдықорған көшесінен Пятницкий көшесіне дейін көліктердің қозғалысы шектеледі»,- деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Уақытша шектеулер аталған көше сегментінің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін жылу желілерін жөндеуге байланысты енгізіліп отыр.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.