Алматыда Сүлейменовтың мерейтойына орай «Олжас пен мен» атты кітаптың таныстырылымы өтті

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, ғалым және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың «Олжас пен мен» атты кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.







«Мен осы кітап мүмкіндігінше көп адамдардың қолына жетсе соған риза болатын едім. Ол үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдеріне алғысым шексіз»,-деді Олжас Сүлейменов.

 

«Биылғы жылы Олжас Сүлейменов 80 жасқа толды. Ақынның мерейтойына өзі туралы «Олжас және мен» атты авторлық жарияланымдардың жинағы жарық көрді. Жинаққа 100-ден астам авторлардың очерктері, эсселері мен әңгімелері кірді. Олардың арасында Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың мақалалары бар. Сонымен қатар кітапта осы жинақ үшін жазылған экслюзивті туындылар жарияланған.

Шығармашылық жоба Халықаралық «Мәдениет» қорының кеңесшісі Ермек Алдановтың бастамасымен жүзеге асырылған.

Жинаққа очерктер, эсселер мен автор мен елімізге танымал тұлғалардың әңгімелері кірген. Олардың әрқайсысы өздеріне жақсы таныс Олжас Сүлйейменов туралы ойларымен бөліскілері келеді.