Алматыда «Сұлтанқорған» балабақша сауықтыру орталығы ашылды
11:30, 04 Қыркүйек 2010
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда «Сұлтанқорған» балабақша сауықтыру орталығының ашылу рәсімі болды. Аталмыш орталық Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында іске асып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
175 орынға арналған орталықта қазақ, орыс және ұйғыр тілдерін үйретумен қоса балалардың интеллектуалды дамуы да басты назарда болмақ. Балабақша спорт, музыка залдарымен бірге лингафон, логопед және психолог бөлмелерімен қамтылған. Ал педагогикалық ұжымы "Балбөбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қызмет атқарады.