Оның атап өтуінше, ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмысқа карсы күрес басқармасының кызметкерлері Алматы облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласында сұңқарларды заңсыз аулағаны үшін Таяу Шығыс елдері бірінің екі азаматын ұстаған.
«Олар жалға алған пәтерден Қызыл кітапқа енгізілген 8 сұңқар, сондай-ақ құстарды аулауға арналған колдан жасалған тұзақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде», - деді Қ.Жұманбай.
Министрлік ресми өкілінің деректеріне қарағанда, жыл басынан бері ішкі істер органдарының кызметкерлері сұңқарларды аулаудың 5 фактісін анықтап, олардың үшеуі бойынша қылмыстық іс қозғаған.