Алматыда супермаркеттегі өртті сөндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында супермаркеттегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің рессми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 2 ақпанға қараған түні, сағат 00:30-да Алматы қаласының өрт сөндіру  қызметіне Түркісіб ауданындағы бір қабатты супермаркеттің  өртеніп жатқандығы туралы қоңырау шалынған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 50-ге жуық өрт сөндіруші  мен арнайы техника жұмылдырылды. Түнгі сағат бірде өрт сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт орнынан 20 адам эвакуацияланып, газ баллоны шығарылған.