Белгілі болғанындай, Audi автокөлігінің жүргізушісі жол-патрульдік полиция қызметкерлерінен қашып құтыламын деп, жол-көлік апатының орын алуына себепкер болды. Апат салдарынан 4 автокөлік зақымдалып, алты адам зардап шекті.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша, төрт адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға, екеуі облыстық ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиғаның орын алу себептері анықталып жатыр. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.