«Сүйінбай даңғылы - Сидоркин көшесі бойымен жер үсті өтпелі жол» нысанына қатысты құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сүйінбай даңғылы бойындағы көлік қозғалысы сызбасына өзгерістер енгізіледі», - делінген хабарламада.
Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 23 шілдеде сағат 04.00 ден 07.00 дейін Сүйінбай даңғылының бойында көлік қозғалысы тоқтатылады.
Қозғалыс Жангелді, Баянауыл, Бөлтірік шешен көшелері бойымен жүзеге асады. Жақын орналасқан көшелердегі көлік қозғалысы бұрынғы кесте бойынша жүреді.