Алматыда табиғи газдың сыртқа таралуынан ер адам қаза тауып, иіс тиген 7 жасар бала ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматының Алатау ауданына қарасты Заря Востока кентіндегі жекеменшік тұрғын үйде 27 қыркүйек күні сағат 08:33-те газ колонкасының ақаулығы салдарынан табиғи газ ауаға таралған.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Соның салдарынан 61 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды, иіс тиген 7 жасар бала ауруханаға жеткізілді.