Алматыда табиғи өрттерді сөндіруге арналған жедел топ құрылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Төтенше жағдай департаментінде табиғи өрттерді сөндіруге арналған жедел әрекет етуші топ құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер карантин жағдайында біз қылмыс деңгейінің төмендегенін байқасақ, өрт оқиғалары бойынша жағдай бұрыңғы қалпында. Осы жылдың бірінші тоқсанында өрт саны бір оқиғаға азайып, барлығы 138 өрт оқиғасы тіркелді, 3 адам құтқарылып, 58 адам қауіпті аймақтардан эвакуацияланды»,– деді Алматы қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіров брифинг барысында.

Оның айтуынша, қазір күн ысып кетуіне байланысты құрғақ шөптер мен қоқыстардың өртенуі орын алуда. 1 ақпаннан бастап құрғақ шөптің жануы бойынша 175 жағдай тіркеліп, өрт 29 гектар жерді шарпыды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13% - ға артық. Құрғақ шөптердің өртенуі көбіне Түрксіб, Алатау, Медеу аудандарында орын алады.

Сонымен қатар, ол күштер мен құрылымдардың жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру үшін ТЖД-де табиғи өрттерді сөндіруге арналған жедел әрекет етуші топ құрылғанын атап өтті.

Жалпы, тау-орман алқабында жоғары деңгейдегі өрт туындаған жағдайда оны сөндіруге 300-ден астам жеке құрам, жоғары қозғалтқыштағы 23 бірлік техника, 500 қапшықтағы өрт сөндіргіші, 500 күрек және 156 жарылғыштар дайын тұр.

Сондай-ақ, Іле – Алатау ұлттық паркінің балансында 6 өрт мұнарасы, 1 өрт сөндіру көлігі, 4 мотор сорғысы, 88 қапшықтағы өрт сөндіргіш, 1263 жарылғыш, 106 балта, 4 білезік тізбек және 322 күрек бар.

Сонымен қатар, өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласы әкімдігі 109 құтқару қызметінің және ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ың тікұшақтары қатысады.

Таулы-орманды жерлерде өрттердің алдын алу үшін жыл сайын жергілікті полициямен бірлесіп патрульдеу жүргізіледі. Өткен жылы 400-ден астам от жағу жағдайға тыйым салынды, 35 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.