Алматыда табыт таситын көлік жүргізушісі жолда төбелес шығарды
09:11, 20 Қыркүйек 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүргізушілер жолға таласып төбелесіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл видео Инстаграм желісіндегі @ztb_video паблигінде жарияланған.
Момышұлы көшесімен келе жатқан табыт таситын көліктің алдын Тойота Камри кес-кестей берген. Газель жеңіл көлікті жібермеген.
Бейнекадрдан көргеніміздей, Газель жүргізушісі Камри жүргізушісін соққыға жықты.
Полиция болған оқиғаға әзірге түсініктеме берген жоқ.
В Алматы водитель катафалка не пропустил Toyota Camry перед перекрестком, что привело в драке между водителями. Интересную информацию, фото и видео присылайте на WhatsApp: 📱+7702 007 01 07 📩 info@ztb.kz
A post shared by 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video) on Sep 19, 2017 at 7:30am PDT