Алматыда таэквондо-до ITF-тан Қазақстанның ашық чемпионаты басталды
12:54, 17 Қаңтар 2009
АЛМАТЫ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Достық спорт кешенінде таэквон-до ITF-тан Қазақстанның ашық чемпионаты басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының таэквон-до ITF федерациясының ұйымдастыруымен бұл шара биыл 20-шы рет өтіп жатыр. Онда федерацияның тұңғыш президенті Нам Юлий Мироновичтің кубогы сарапқа салынады.