«Бұл жарыс жоғары деңгейде өткізіледі деген ойдамыз. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 270 жуық спортшы қатысуда. Турнир басталып кетті. Ал ресми ашылу салтанаты сағат 15:00-те болады. Бұл бәсекенің бір ерекшелігі, бұрын жарыстарда төрт бұрышты доянг, яғни төсеніш қолданылып келсе, бұл жолы жаңа ережеге сәйкес, тұңғыш рет сегіз бұрышты доянгты қолданып жатырмыз. Ол таэквондошылардың көбірек қимыл-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Турнирдің әділ өтетіндігіне сенемін. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады» - деді өз сөзінде таэквондодан мемлекеттік жаттықтырушы, Қазақстанның таэквондо федерациясының спорттық директоры, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шылманов.
Естеріңізге сала кетейік, жарысқа қатысатын таэквондошылардың жасы 17-ден кем болмауы тиіс.