Алматыда тағы 2 адам коронавирустан жазылды: Аурудан айыққандар саны 63 болды
14:26, 10 Сәуір 2020
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда КВИ-дан екі адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл 1978 жылы туған ер адам және 23 жастағы қыз.
Ер адам 23 наурызда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келді, ал қыз 17 наурызда Цюрих-Ыс танбұл-Алматы рейсімен келген.
Екеуінің де ауру деңгейі жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде.
Мегаполисте 28 адам емделіп жатыр.