Оның айтуынша, ауруханадан бүгін тағы 2 әйел аурудан жазылып шықты.
«Бүгін инфекциялық стационардан коронавирустық инфекциядан жазылған тағы екі пациент шығарылды. Бұл екі әйелдің бірі - 15 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен ұшып келген», - деді басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Жалпы, осы уақытқа дейін 13 адам сауығып ауруханадан шықты. Олардың 2-еуі — бала.