Жас студент 24 мамырда дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскен.
«Кеше ауруханаға таңғы 10-да жоғары оқу орындарының бірінде оқитын студент түсті. Оған "менингококктың тез асқынатын формасы" диагнозы қойылды. Кешкі 4 шамасында жігіт қайтыс болды», - деді А.Молдақасымова.
Оның айтуынша, соңғы 2 аптада Алматыда дəрігерлерге 57 адам жүгінген. Оның 29-ында диагноз расталды.
Айта кету керек, бұған дейін Алматыда менингококк жұқпасынан үш адам қайтыс болғанын айтқан едік. Олардың бірі 5 жастағы бала қаладағы балабақшалардың біріне барып жүрген.
Бір ер адам иммунитетінің әлсіздігінен аурумен күресе алмай кетсе, екінші әйел адам дәрігерлерге қаралмай ұзақ жүріп қалған.