деп мәлімдеді Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қылмыскер тексерілген, әрі тұрақты клиенттеріне тек марихуана ғана сатып отырған. Оның айрықша сипаты да осы көрінеді.
«Біз азамат Б-ны бір айға жуық назарымызда ұстадық. Оның Алматыда тұрақты мекен-жайы жоқ болғандықтан, қалаға жақын маңдағы ауылдан достарының үйінде қонақ болып келіп, жиі қонып қалып жүрген. Ал өз кезегінде достары оның айналысып жүрген кәсібінен мүлде хабарсыз екендіктері кейінірек белгілі болды. Әдеттегідей ол, көкнәрді тиісті шамада бөлшектеп орап, өз клиенттеріне қажетті мөлшерін ғана алдын-ала құнттап, кездесуге алдын-ала дайындалып келген. Азамат Б.-ның соңғы қылмыстық келісімі Алматының Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылы мен Кожедуб көшелерінің қиылысында белгіленген. Келісілген жерге кездесуге он бес минут сайын бірден төрт сатып алушы келді»,- деді бұл істің мән-жайы жөнінде Алматы қаласы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Денис Лоскутов.
Одан есірткі сатып алушылардың қажеттіліктері әрқилы болған: біреулері марихуананы тек аз мөлшерде ғана керек етсе, қайсыбіреулері бір кездесуде-ақ епшіл саудагерден көкнәрді көптеп сатып алып отырған. Жалпы алғанда сол кеште әлгі азамат 50 грамм наша сатқан екен.
«Сатылған есірткінің барлығы белгіленген заң тәртібі бойынша тәркіленіп, ҚР ҚК 259-бабы - есірткі құралдарын заңсыз сақтау мен сату бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді. Қазір есірткі саудагері қамауға алынды. Ол өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап отыр. Енді біздің алдымызда азамат Б.-ның есірткіні қайдан алып келгендігін және оның тұрақты сыбайластарының анықтау міндеті тұр. Сонымен қоса, екі жас баланың әкесі есірткіге тәуелділер қатарынан болып шықты»,- деп өз сөзін тұжырымдады Д.Лоскутов.