Алматыда тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 26 маусымда сағат 17:56 минутта «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісі жерсілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 497 шақырым жерде орналасқан.

Жерсілкінісі энергетикалық сыныбы - 10,1. Тербелісі - 4,4. Эпироталығы с.е. 39.47° ш.б. 73.64°.

Тереңдігі - 39 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.