Алматы қалалық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, мына бағыттар бойынша өзгеріс болады:
№121 – оңтүстік бағытта: Майлин көшесі – Шемякин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – одан әрі схема бойынша;
№121 - солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы (шығысқа қарай) – «№103 мектеп-гимназия» алдындағы бұрылыс – Шемякин көшесі – Майлин көшесі – одан әрі схема бойынша;
№74 – оңтүстік бағытта: Гете көшесі – Хмельницкий көшесі – Шемякин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Жангелдин көшесі – одан әрі схема бойынша;
№74 - солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы (шығысқа қарай) – «№103 мектеп-гимназия» алдындағы бұрылыс – Шемякин көшесі – Майлин көшесі – Писарев көшесі алдындағы бұрылыс – Хмельницкий көшесі – Гете көшесі – одан әрі схема бойынша.
Бұған дейін Алматыда жерасты газ құбырын жаңалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Папанин көшесі бойында көлік қозғалысы шектелетіні туралы жазған болатынбыз.