Алматыда тағы да өрт болды

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы маңайында тағы бір өрт тіркелді. Бұл жолы 2 гектар жердің құрғақ шөбі өртенді.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға болған жерге өрт сөндірушілер тобы жіберілді. Бұған дейін күндіз сағат 15:35-тің шамасында Ботаникалық саяжайда да өрт болған. Ал Іле Алатауы мемлекеттік табиғи қорығындағы өртті ауыздықтау жұмысы әлі де жалғасуда. Қазіргі кезде солтүстік, батыс және оңтүстік бағыттағы өрттің жалыны тоқтатылды. Шығыс жақта тілсіз жаумен күресу қиын болып жатыр. «Әзірше, адам өлімі тіркелмеген», - дейді құтқарушылар.