Желіде тараған бейнежазбадан кешке арналған сәнді киім киген қонақтарды көруге болады. Кештің басты қонағы Damiani Group вице -президенті Джорджио Дамиани болды.
Алматы қаласы Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жұмыстарын бастады.
«Бостандық ауданының мониторинг тобы әлеуметтік желілерде жарияланған материалдардың негізінде карантин шектеу талаптарын бұзушыларды әкімшілік жауапқа тарту үшін тиісті шаралар қабылдауда», - деді Алматы қалалық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.