«Бірінші Дулатова оқулары. Бүгінгі Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдеріндегі тарих ғылымы және тарихты оқыту» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Кеңес өкіметінен кейінгі 20 жыл тәуелсіздік ішінде Қазақстан, Ресей және Орталық Азия республикаларының тек саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуының қортындысын ғана емес, ең бастысы осы мемлекеттердің ортақ тарихи өткенін, әсіресе қоғамдық тарихи жадының ерекшелігін зерттеуге мүмкіндік береді. Бүгін тарихымыздың ортақ оқиғалары қайта қаралып, оларға әр елдің тарихшылары өзіндік баға беріп отыр. Көп жағдайда жақын арада болып өткен оқиғаларға баға беру үшін келісімге келудің орнына қайшылық туып жатады: тарихқа нақты әртүрлі көз-қарастардың қалыптасуы ортақ тарихы бар адамдар мен мемлекеттердің арасын алшақтата түседі. Сондықтан да, орта ғасырлардан ХХ ғасырдың аяғына дейін жалпы тарихтың әр кезеңіндегі оқиғаларға баға беру (Түркі қағанаты, Моңғол империясы, Ресей империясы мен КСРО) талқылауды қажет етеді.
Конференцияның мақсаты ғылыми әдіс пен өткеніміздің ортақ тарихына баға берумен, тарихи ғылыми білімнің қордалануымен байланысты табиғатынан пәнаралық болып келетін мәселелерді объективті түрде зерттеу үшін тарихшылар мен басқа қоғамдық ғылымдармен айналысатындардың күшін біріктіру болып табылады.
Шараға АҚШ-тан Вискония (Wisconsin-Madison) университетінің профессоры Вирджиния Мартин, Ресей ҒА Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институтының Омбы филиалының этнография секторының меңгерушісі т.ғ.к. А.Г. Селезнев, Ресей қоғамдық зерттеушілер қауымдастығының президенті (АИРО-ХХІ), ресейлік ғалымдарт.ғ.к.Г.А. Бордюгов, т.ғ.д., профессор Н.Е. Бекмаханова, т.ғ.д., профессор Н.Б. Нарбаев, т.ғ.д., Д.А. Аманжолова және еліміздің Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Орал т.б. қалаларының жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің өкілдері қатысады.