Шара барысында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топпен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 6 азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне сәйкес 230-дан аса ойын терминалы жойылды.
Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департамент қызметкерлері мегополис аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың заңсыз іс-әркеттері дәлелдеген болатын.
Олар 2 заңсыз ойын залын ашып, 60 тан аса ойын орындарында терминалдарды (дүкендерде, көлік жуу орындардында, компьютер клубтарында, базарларда) орнатқан. Сондай-ақ, ойын терминалдарын жасап келген қоймалар анықталған болатын.
Іс бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сотының үкімімен ҚР ҚК 307-б. 3-бөлігі (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру), 262-б. 1,2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару), 367-б. 4-бөлігі (қылмыстық топпен пара беру) деректері бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.