«Алматыда сел тасқыны салдары толығымен жойылмайынша төтенше жағдай режімі сақталады. Сел тасқыны арқылы Қарағайлы (бұрынғы Чапаево) кентіне дейін жеткен тастар, құмдар бөгеттің төменгі жағынан шайылып келген. Ал таудан аққан лай көшкіні, тастар бөгеттің алдында қалып қойды. Олар төмен қарай өткен жоқ», - деді В. Божко.
Оның айтуынша қазіргі сәтте таудағы барлық мореналық көлдерге жіті бақылау жүргізілуде.