Алматыда тасымалдаушылар жол апатына айыпты адамдарды іздестіріп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Үш Қоңыр ТрансСервис» ЖШС өткізген баспасөз мәслихаты барысында заңсыз тасымалдаушылардың жұмысы жайлы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Компания өкілдерінің айтуынша, жолаушы тасымалымен заңсыз айналысатын компаниялардың кесірінен адам өлімі жиі кездеседі.

1 шілдеде Жамбыл облысының Қордай ауданында жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған болатын. Жол апатынан 8 адам зардап шекті.

Бір әйел көз жұмды. Оның артында екі баласы жетім қалды.

«Білгіміз келетіні бір-ақ нәрсе. Бұл автобус қайдан шықты? Соңғы жылдары Алматы базарларында заңсыз жолаушы тасымалдаушылар көбейіп кетті. Жүргізушілер көлігінің техникалық жағдайына мән берместен, ауыр-ауыр жүктерді тиейді. Ешкім жүргізушілердің денсаулығын тексеріп жатқан жоқ. Олар алыс рейстен келіп бар-жоғы екі сағат ұйықтап алыс жолға қайта шығады», - деді «Үш Қоңыр ТрансСервис» ЖШС өкілі Медет Таухан.

Оның айтуынша, жүргізушілер әр жүк үшін 15 мың теңге көлемінде ақша алады. Кей рейстерде 60-қа жуық жүк тиеп алады. Яғни, бір автобус рейсінде 600 мың теңге ақша түседі.

Тасымалдаушы компания өкілдерінің айтуынша, мұндай көлемдегі жүк жолаушылар автобусымен тасымалданбауы тиіс.

«Мұндай тасымалдаушылар қаладағы ірі базарлардың маңында адам жинайды. Біз барлық атвовокзалдар мен теміржол вокзалдарын аралап, жолаушы тасмалдау ережелерін таратып шықтық. Алайда, жүргізушілер ережелерге пысқырып та қарамайды. Жолаушы тасымалдайтын автобустар жүк тасымалдамауы тиіс», - деді ол.

«Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнәр Лепесбай.

Қоғамдық бірлестік өкілдері қалалық әкімдікке заңсыз жолаушылар тасымалын заңдастыруға ұсыныс білдірген. Алайда құзырлы органдардан ешқандай жауап болмаған.

Енді қоғам белсенділері жолаушылар тасымалын реттейтін заң шығару үшін халық қалаулыларына ұсыныс білдірмек.

Олардың айтуынша, жақында Қордайда болған жол апатында автобус жүргізушісі былтыр да тура осындай жол апатына тап болған болатын. Былтыр жол апатынан 3 адам өлген.