деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараның мақсаты дене суреті шеберлерін әуелден Қазақстан, одан соң Орталық Азия татуировкашылар қауымдастығына жинау. Шара барысында қала тұрғындары бұл өнердің қыр-сырын басынан аяғына дейін көре алатын болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл фестиваль денені сәндеудің үлкен думаны болады. Оған еліміз бен қатар, көрші Өзбекстан мен Қырғызстаннан да шеберлер келеді деп күтілуде. Олардың ішіндегі үздік туынды салушылар арнайы дипломмен марапатталып, оларға сыйлықтар беріледі. Ал Қазақстанның озық шеберлеріне болашақта халықаралық фестивальдар мен конкурстарда қолдау көрсетіледі.