Алматыда тау баурайында қураған ағаштар өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда тау баурайында құрғақ шөп өртенді. Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығының өкілдері 100 шаршы метр алқапқа жайылған өртті сөндіруге талпынып жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тау баурайында қураған ағаштар жанған. Құтқарушылардың хабарлауынша, өрттің жайылу қаупі жоқ.

«27 сәуір күні сағат 20:00-дер шамасында Алматы қалалық табиғи өрттерді сөндіру жасағы мен Іле Алатауы ұлттық паркінің өкілдері аспаптарымен Медеу ауданы Керей Жәнібек хандар көшесіндегі 389-шы үйдің маңына жөнелтілді. Онда тау баурайында құрғақ шөп пен қураған жанғаны белгілі болды. Өрттің жайылу қаупі жоқ»,-делінген хабарламада.