АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңындағы тау баурайында қураған ағаштар өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, 5 қыркүйекте сағат 16:05-те Медеу ауданында қураған ағаштар өртенгені туралы ақпарат келіп түскен.
«Оқиға орнына 25 адам, 5 бірлік техника жіберілді. Тау бөктеріндегі өрттің жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі туындады»,-деді департаменттен.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт ошағы 1,5 гектарды шарпыған.
Еске салсақ, жуырда Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп, жалынның жанармай құю станциясына таралу
қаупі туындаған еді.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.