«8 объект бойынша сот бұзу туралы шешім қабылдады, 23 нысан бойынша рұқсат беру құжаттарын бұзу және жою туралы сот талқылаулары жүргізілуде, 21 нысанға қатысты сот талап-арыздарын беру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деді қала әкімінің орынбасары.
Айтуынша, «нүктелі құрылысқа» байланысты қолданыстағы нормаларда жобалау алдындағы құжаттаманы беруден бас тартуға негіз жоқ. Сондықтан Алматы әкімдігі ел заңнамасына бірқатар түзету енгізуге бастамашылық танытты.
Атап айтқанда, қала орталығында «нүктелі құрылысқа» тыйым салуды, қала құрылысы құжаттамасын түзетуге мораторий енгізуді, жобалық құжаттаманы тиісінше салыстырып тексермегені үшін жауапкершілік белгілеу, егер адамдардың өміріне қауіп төнсе, құрылысты тоқтата тұру мүмкіндігін енгізу ұсынылады.
Алматы әкімі орынбасары Әлішер Әбдіқадыров атап өткендей, сәулет, құрылыс және жер қатынастары саласындағы заңнаманы жетілдіру және құқықтық қайшылықтарды болдырмау жұмыстары жалғасуда.