Алматыда «Тау жаңғырығы-2010» атты авторлық ән фестивалі өтеді

None
АЛМАТЫ. Тамыздың 26-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматы маңындағы Медеу шатқалында орналасқан "Тау күні" сауықтыру демалыс орнында тамыздың 28-30 аралығында Х-шы халықаралық «Тау жаңғырығы-2010» атты авторлық ән фестивалі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл фестиваль мере тойын атап өтпек. Аталмыш шараны ұйымдастырушы - коммерциялық емес, мемелекеттік емес «ВИГУС» авторлық әндер театры" мекемесі. Фестиваль авторлық әндерді қолдау мен оны насихаттауға, талантты авторлар мен орындаушыларды табуға және олардың шығармашылық дәрежесін көтеруге бағытталған.

Осымен 10-шы рет өтетін фестиваль байқаулармен басталады. Байқау қорытындысы тамыздың 30-ы күні гала-концерт барысында ұсынылмақ. Концерт Қазақ спорт және туризм академиясының залында өтеді. Онда ең үздік әндерімен аталымдардың лауреаттары, өткен жылғы бас жүлденің жеңімпаздары, фестивалдің қонақтары өнер көрсететін болады.