Алматыда тауар қоймасы өртенді, абырой болғанда адам шығыны жоқ

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда тауар қоймасы өртенді, абырой болғанда адам шығыны жоқ, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Кеше Алматы қаласында Шоссейная көшесі бойында орналасқан «Өмірбаев» жеке кәсіпкерлігінің қоймасындағы тауарлар өрт құшағына оранды. 600 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан абырой болғанда адам шығыны болған жоқ.

Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 50 маманы мен 20 техникасы тартылды.