Алматыда «Almaty Sales Festival» жеңілдіктер фестивалінің жаздық маусымы өтіп жатыр. «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізуге орайластырылған жеңілдік марафоны 2017 жылғы 1 тамыздан басталды.
Енді 100-ден астам сауда орталықтары, 15 қонақ үй және 20 мейрамханада жеңілдіктер жүреді. Фестиваль ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте аяқталады.
Акция кезінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына 300-ден астам бренд тауарлары ұсынылды.
Жеңілдіктер азық-түліктік емес тауарлар (киім, техника, косметика аксессуарлар және т.б.) мен қызметтердің кең түріне жүреді.
Сауда нысандарында жеңілдіктер тауардың санатына байланысты 80%-ға қонақ үйлер мен мейрамханаларда 40%-ға дейінгі жүреді.