«Науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денсаулығында ешқандай оң өзгеріс байқалмайды. Есін жиды. Сөйлей алады. Алайда әлі де жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр», - деп хабарлады №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
Бұған дейін, турист қызды таудан түсіру үшін тікұшақ жіберілгенін жазған болатынбыз.
Еске салайық, 31 жастағы Әлия Қамиева 5 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Оның анасы 7 шілде күні құтқарушыларға жүгінді. Куәгерлер алматылық қызды соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген.
Іздестіру-құтқару жұмысына құтқарушылардың максималды күш-құралдары жіберілді.
Атап айтар болсақ, онда республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, кинологиялық есеп, «109» құтқару қызметі, 75 волонтер бар.