«16 желтоқсан күні Алматы презентханаларында 106 бала дүние есігін ашты. Оның 63-і - ұл бала болса, 43-і - қыз бала. Оның ішінде бір жұп егіз бала өмірге келді», - деді басқарманың баспасөз қызметінен.
Дәрігерлердің айтуынша, барлық нәрестелердің денсаулығы жақсы.
Ал Шымкентте тәуелсіздік күні 50 сәби дүниеге келген. Мереке күні дүниеге келгендердің басым бөлігі - қыз балалар.
16 желтоқсан күні қалада 26 қыз бала, 24 ұл бала дүние есігін ашқан.