Көрмеге Алматы қаласы тарихы мұражайының қорындағы Алматының ұлттық-мәдени орталықтарынан жинақталған Қазақстан халықтарының тарихы, этнографиясы және қазіргі өмірінен мағлұмат беретін құнды жәдігерлер топтамасы және суреттер мен құжаттар қойылған. Сондай-ақ, қонақтардың айрықша қызығушылығын тудыратын жәдігерлер - әр түрлі ұлттардың ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптар топтамасы қойылды.
Көрменің ашылу салтанатына музей қорын толықтыруға атсалысып келе жатқан Алматы қаласындағы түрікмен, украин, шешен, татар және тағы да басқа ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысты.