деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ескерткіш тақта қазақтың ұлы актрисасы соңғы жылдары тұрған үйінде қойылды.
Қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановтың айтуынша, ескерткіш тақтаны ашудағы мақсат - көрнекті актрисаның есімін таныту, дарын иесіне деген құрметті көрсету. «Сабира Майқанова еліміздің театр өнеріне үлкен үлес қосқан тұлға. Ол театрмен қоса, кинода да көптеген рөлдерді ойнады. Оның әсіресе, «әйел-ана» рөлдерін өте жақсы сомдағанын бәрі біледі. ХХ ғасырдың ұлы актрисасы саналатын дарынды тұлғаның есімі мәңгі тарихта қалатыны сөзсіз», деді Серік Сейдуманов.
Сабира Майқанова 1914 жылы қаңтар айының 1-інде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келді. Халық әртісі Отан алдындағы еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1932 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында өнер көрсетті. 1967 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1970 жылы КСРО халық артисі атағын алды. Сахна төрінің шебері - Сабира Майқанова 1995 жылы ақпан айының 14-інде дүниеден өтті.