Өрт Саин көшесінде орналасқан ТҚО тұтанған. Өрттің шығу себебі әзірге нақты белгілі емес. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. ТҚО-да тұтанған өрт көлік жуу орнына ұласқан. Өрт басталғанда ТҚО-да «Митсубиши делика» көлігі болған. Өрт сөндірушілер оны көліктерімен сүйреп, өрттен сақтап қалды.
Өрттің шығу себебі дәл қазіргі уақытта анықталу үстінде.