Алматыда техникалық қызмет көрсету стансасында көтергіштен көлік құлап, 22 жастағы жігітті жаншып тастады

АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «Алматы АТО» ЖШС техникалық қызмет көрсету стансасында бейсенбі күні жөндеу жұмыстары кезінде көтергіштен көлік құлап кетті,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Салдарынан 22 жастағы механик алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды.