Алматыда техникалық қызмет көрсету стансасындағы өрттен 30 адам эвакуацияланды
14:40, 21 Ақпан 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінде өрт шықты, өрт сөндірушілер газ баллондарының жарылуының алдын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қалалық ТЖД деректеріне сәйкес, өрт Наурызбай ауданында, Қалқаман-2 шағынауданында Сағатов 2 мекенжайында болған. Тілсіз жау туралы хабарлама бүгін таңғы 07:55-те түскен, алғашқы жедел топ оқиға орнына 08:05-же жетті.
«Өрт сөндірушілер келгенше ТҚКС өрті жапсарлас үй-жайларға - жеке тұрғын үйдің шатыры мен барак түріндегі уақытша тұраққа өтіп үлгерген. Бірі-біріне жақын салынған тұрғын үйлерден 30 адам көшірілді, оның бесеуі балалар. Отты сөндіру барысында 5 газ баллоны сыртқа шығарылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт 08:32-де тоқтатылды және 40 минуттан кейін, сағат 08:45-те толық сөндірілді.
Өрт салдарынан 4 автокөлікке зақым келді. Өрттің жалпы аумағы 290 шаршы метрді құрады.